ТҮРКІСТАН: Тұрақтандыру қорында 10 мың тоннадан астам тауар бар

0
735

«Айналым схемасы» шеңберінде – 6305,3 тонна тауар бар.


ТҮРКІСТАН: Тұрақтандыру қорында 10 мың тоннадан астам тауар бар

Түркістан облысына тиесілі тұрақтандыру қорында 954,9 млн теңгенің тауары бар, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Бүгінгі таңда Түркістан облысына тиесілі тұрақтандыру қорында жалпы құны 954,9 млн теңгенің 10 033,2 тонна тауары бар. Оның ішінде: тұрақтандыру қорында - 3 727,9 тонна, «Айналым схемасы» шеңберінде – 6305,3 тонна тауар бар. Ал нақты Ескі Иқан елдімекеніндегі қоймада 102 тонна өнім бар, қалғаны жеткізушілердің қоймасында. Бұл жайында бүгін Тұрақтандыру қоры департаментінің директоры Лаура Жанасбаева пресс-тур аясында мәлімдеді.


"Түркістан қаласы аумағында 13 әлеуметтік дүкен мен 5 сауда үйінде («Шапағат», «Дастарқан», «Береке», «Дәулет», «Бәйтерек») 18 түрлі азық-түлік тауарлары сатылуда. Мәселен, картоп пен сәбіз - 100 теңге, пияз - 70 теңге, тұз - 42 теңге, күріш - 245 теңге, қант - 315 теңге, ұн - 150 теңге, күнбағыс майы - 700 теңге, қарақұмық - 450 теңге, жұмыртқа - 34 теңге, тауық еті - 870 теңге, қырыққабат - 110 теңге, сүт 2,5% - 265 теңге, айран 2,5% - 270 теңге, сары май – 2 500 теңге, ірімшік – 1 500 теңге, бөлке нан - 70 теңге көлемінде сатылуда», - деді Лаура Сақтағанқызы.


Сонымен қатар, әр жұмада Түркістан қаласындағы Экобазарда азық-түлік тауарлары жәрмеңкесінде тауарлар нарықтық төмен бағада тұрақты сатылуда. 2022 жылдың басынан бері 10 рет азық-түлік тауарларының жәрмеңкесі өткізілген. Жәрмеңкеде 5 млн теңге сомасына 30,1 тн. тауар сатылған.