ТҮРКІСТАН: «Turan» экономикалық аймағы инфрақұрылыммен қамтылып жатыр

0
170

Жол құрылысы биыл қазан айында пайдалануға беру жоспарланған.


ТҮРКІСТАН: «Turan» экономикалық аймағы инфрақұрылыммен қамтылып жатыр

«Turan» арнайы экономикалық аймағын инженерлік инфрақұрылыммен қамтамасыз ету жұмыстары жүргізілуде, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


«Turan» арнайы экономикалық аймағын инженерлік инфрақұрылымын дамыту мақсатында құрылыс жұмыстары қарқынды атқарылып жатыр.


Қазіргі таңда өрт сөндіру депосы, газ жүйелері, интернет желісінің жұмыстары толығымен аяқталған. Сонымен қатар, 1,3 шақырым жолға асфальт жабындысы төселінді. Жол құрылысы биыл қазан айында пайдалануға беру жоспарланған. Темір жол құрылыс жұмыстары да жүргізіліп, 2,1 шақырымға релістер орнатылды. Су құбырының 8,5 шақырымы тартылып, кәріз жүйесінің 3 шақырымына құбыр тартылды. Аталған нысандардың құрылыс жұмыстары желтоқсан айында толығымен аяқталып, пайдалануға беріледі.


«Turan» арнайы экономикалық аймақтағы инженерлік инфрақұрылымдардың құрылыс жұмыстарын сапалы орындалуы, облыстық құрылыс басқармасының мамандары тарапынан қатаң бақылауға алынған. Құрылысқа жауапты мердігер компаниялар – «СТ Сервис» ЖШС, «Баянды Құрылыс» ЖШС, «Pana Qurylys Group» ЖШС. Келесі жылы электрмен жабдықтау жұмыстарын тапсыру жоспарланған. Құрылыс жұмыстары аяқталған соң, аймаққа 50-ге жуық кәсіпорын орналасып, мыңға жуық адамды жұмыспен қамтамасыз етеді.