ТҮРКІСТАН: “Тұран” командасы ел чемпионы атанды

0
691

«Olympic center» спорт кешенінде өтті.


ТҮРКІСТАН: “Тұран” командасы ел чемпионы атанды

Түркістан қаласында Қазақстан Республикасының ХХХІІ чемпионаты аяқталды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Түркістан қаласындағы «Olympic center» спорт кешенінде волейболдан жоғарғы лигадағы ерлер командалары арасындағы Қазақстан Республикасының ХХХІІ чемпионаты аяқталды.


Елішілік додада республикадан 5 команда қатысып, тартысты ойындар өткізді. Басты мақсат - чемпионаттың алтын тәжін кию. Осы орайда жүлделі орындардан көріну үшін барлық құрама шаршы алаңда бар өнерлерін ортаға салды. Апта бойы жалғасқан чемпионаттың нәтижесінде Түркістан облысының «Тұран» командасы өз мықтылықтарын тағы да дәлелдеп, қатарынан 2-ші рет чемпион атанды. Ал Қызылорданың «Қайсар» волейболшылары күміс жүлдеге қол жеткізсе, мағыстаулықтар қола медальді қанағат етті. Ойын соңында чемпионаттың үздік ойыншылары да марапаттан тыс қалмады. Бұл номинация бойынша «Тұран» командасының талантты ойыншысы Олег Верегин «Ең үздік ойыншы» атанды. (MVP)


Айта кетейік, Сабыржан Бульдуруков жетекшілік ететін Түркістан облысының «Тұран» спорт ойын түрлері клубы биылғы маусымда ғаламат нәтижеге қол жеткізді. Волейболдан Ұлттық лигадағы әйелдер командалары арасында тұрандық арулар чемпион атанса, жоғарғы лига ерлер командалары арасында да жеңістің шыңын бағындырды. Одан бөлек, волейболдан 21 жасқа дейінгі қыздары жүлделі орыннан көрініп, өңір мерейін асқақтаты. Қоса кетейік, баскетбол, гандбол чемпионаттарында да тұрандық спортшылар үздіктер қатарында тұр.