ТҮРКІСТАН: Үйіндегі ұрыс-керістен қашқан бала 4 күн дегенде табылды

0
1 066

Баланың барады-ау деген барлық аймақтарын қарап, куәгерлерлерден сұрастырып жүріп 4-ші күні табады.


ТҮРКІСТАН: Үйіндегі ұрыс-керістен қашқан бала 4 күн дегенде табылды

Түркістан облысы полицейлері жоғалған баланы тауып, ата-анасына тапсырды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Келес АПБ-не жергілікті тұрғын арызданады. Ол өз арызында сағат таңғы 08:00 шамасында кәмелет жасына толмаған ұлы үйден белгісіз бағытқа шығып кетіп, үш күннен бері келмегенін көрсетеді. Аталған жайт хабар-ошарсыз жоғалу дерегімен Келес АПБ-нің сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркелген.

Аудандық полицейлер кәмелет жасына толмаған баланы ата-анасына сау күйінде тапсыру мақсатында тез арада іске кіріседі. Баланың барады-ау деген барлық аймақтарын қарап, куәгерлерлерден сұрастырып жүріп 4-ші күні табады.

Келес АПБ ЖПҚ ЮПТ инспекторы, полиция капитаны Садырбеков Тойбекпен шұғыл-іздестіру шараларының нәтижесінде жасөспірім Сарыағаш қаласында жалданып қара жұмыс істеп жүрген жерінен табылып, үйіне қайтарылған. Полицейлердің анықтауынша, бала үйіндегі ұрыс-керіс салдарынан шығып кеткен. Алғашқы күні Жылға ауылында мал баққан. Сосын 4 күн қара жұмыс істеген. Өз кезегінде жасөспірімнің ата-анасы балаларын аман-есен тауып бергені үшін полицейлерге алғысын білдірді.

Түркістан облысы полицейлері ата-аналарға балаларын қараусыз қалдырмауды, 14-16 жас өтпелі шақта мінез-құлқының өзгеруіне байланысты түсіністікпен қарауға шақырады. ТО ПД баспасөз қызметі