ТҮРКІСТАН: Вице-министр Сайрам ауданына келді

0
783

Жекеменшік мектеппен танысты.


ТҮРКІСТАН: Вице-министр Сайрам ауданына келді

Білім және ғылым вице-министрі Шолпан Каринова Түркістан облысы Сайрам ауданына іс-сапармен келді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


ҚР Білім және ғылым вице-министрі Шолпан Каринова, Түркістан облысы әкімінің орынбасары Сакен Қалқаманов, басқарма басшысы Рақымбек Жолаевпен Сайрам ауданы, Қарабұлақ ауылындағы "Низамхан Сулайманов" атындағы жекеменшік орта мектебін аралады. Мектеп заман талабына сай кабинеттермен, екі робототехника кабинеттерімен, кітапханамен, 800 адамға арналған асханамен жабдықталған. Бұл білім ошағында екі мыңға жуық ауыл балалары білім алуда. Мектепте оқушылар үшін барлық жағдай жасалған, тасымалды қажет ететін оқушыларға тегін тасымалдау ұйымдастырылған. Шолпан Таңатқызы кәсіпкер Низамхан Сулаймановқа білім саласына еткен еңбегіне алғыс білдірді.


Вице-министр мәжіліс залында санитарлық талаптарды сақтай отырып жиын өткізіп. Биылғы оқу жылындағы ерекшеліктер туралы бірқатар сұрақтарға жауап беріп, алдағы атқарылуға тиісті жұмыстарды талқыға салды. Жиынға облыс әкімі орынбасары Сакен Аманкелдіұлы, Түркістан облысының білім бөлімінің басшылары және Түркістан облысы адами әлеуетті дамыту басқармасының басшысы Р. Жолаев, Шымкент қалалық білім басқармасының басшысы Ж.Тажиева Түркістан адами әлеуетті дамыту басқармасы басшысы орынбасары А. Садықова қатысты.