ТҮРКІСТАН: Волейболдан ашық турнир өтті

0
707

Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай.


ТҮРКІСТАН: Волейболдан ашық турнир өтті

Түлкібаста волейболдан аудандық турнир өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

2021 жылдың 28 мамырында Т.Рысқұлов ауылы, Жанкент спорт залында Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай «Жемқорлықсыз Қазақстан!» атты ұранымен волейболдан мемлекеттік мекеме қызметшілері арасында аудандық турнир өтті. Жарысқа мемлекеттік мекемелерден құралған 8 команда қатысты. Атап айтсақ: аудан әкімдігі командасы, аудандық БЖСМ-дер командасы, аудандық прокуратура командасы, білім бөлімі командасы, Пушкин ЖОМ командасы, Рыбалко ЖОМ командасы, Лермонтов ЖОМ командалары жарысты қыздыра түсті.

Нәтижесінде I-орынды БЖСМ-дер командасы, II-орынды Аудан әкімдігі командасы, III-орынды Білім бөлімі командасы иеленді. Жүлдегерлер, командалар мен үздік ойыншылар аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімінің диплом, медаль және естелік сыйлықтарымен марапатталды.