Түркістан-Ыстамбұл әуе рейсі ашылды

0
2 517

Билет құны 39 999 теңге.


Түркістан-Ыстамбұл әуе рейсі ашылды

Түркістан қаласынан Ыстамбұл қаласына әуе рейсі қатынайды, - деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Қазақстандық FlyArystan лоукостері халықаралық бағытта қатынайтын Түркістан-Ыстамбұл-Түркістан бағыты бойынша билет сатылымын ашық деп жариялады. Құны 39 999 теңге болатын билеттер 21 наурыздан бастап сатылымға шығарылмақ.

Әуе рейстері аптаның жұма және жексенбі күндері Airbus A320 ұшақтарымен орындалатын болады. Түркістаннан сағат 8:40 ұшқан ұшақ, Ыстамбұлға 10:35 қонады. Кері бағыттағы рейс жергілікті уақыт бойынша 11:20 ұшып, Нұр-Сұлтан уақытымен 18:25 келеді. Сонымен қатар, 21 наурыздан бастап FlyArystan ұшақтары Түркістанға Атыраудан (жұма және жексенбі кұндері) 8999 теңгеден әуе қатынасын орындай бастайды.

Айта кетейік, 2020 жылдың 1 желтоқсанынан бері бюджеттік әуе тасымалдаушы бірінші болып Түркістанға қатынай бастаған болатын. Қазіргі таңда, Алматыдан 5999 теңгеден, елордадан 6999 теңгеден рейстер ұйымдастырылуда.

Құрметті қала тұрғындары! www.flyarystan.com ресми сайты арқылы билеттерді брондай алатындарыңызды хабарлаймыз.