ТҮРКІСТАН: Жаңа заңнама мемлекеттік органдар қызметінің ашықтығы мен тиімділігін арттырады

0
789

Шілде айында күшіне ететін аталған заңнама Әділет министрлігімен бірлесіп әзірленген.


ТҮРКІСТАН: Жаңа заңнама мемлекеттік органдар қызметінің ашықтығы мен тиімділігін арттырады

Сот қызметіне тың серпін беретін тағы бір заң - «Қазақстан Республикасының әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі», деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Сот қызметіне тың серпін беретін тағы бір заң - «Қазақстан Республикасының әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі». Заңда көрсетілгендей, сот алдағы уақытта әкімшілік процеске қатысушылардың түсініктемелерімен, арыздарымен, өтінішхаттарымен, олар ұсынған дәлелдермен, дәлелдемелермен және әкімшілік істің өзге де материалдарымен шектеліп қалмайды.

Шілде айында күшіне ететін аталған заңнама Әділет министрлігімен бірлесіп әзірленген. Ол күшіне енгеннен кейін екі заң, «Әкімшілік рәсімдер туралы заң» мен «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы заң» өз күштерін жояды. Бұдан былай азаматтар мемлекеттік органмен немесе әкімшілік органмен, басқа да лауазымды тұлғалармен дау туындаған жағдайда, осындай әкімшілік соттарға жүгінетін болады.

«Тек лауазымды тұлғалар ғана емес, квазисектордағы, мемлекетке бағынышты органдар, мысалы, ұлттық компаниялар, мемлекеттің үлесі бар, мемлекет өзінің уәкілеттігін берген органдар, тіпті Республикалық адвокаттар алқасы сияқты органдардың өзі де осы заңның шеңберінде жеке және заңды тұлғалардың өтініштеріне жауап беретін болады. Демек, бұл заң азаматтардың мемлекеттік органдар алдындағы әлсіздігін жоюға бағытталған десек қателеспейміз»,-дейді Түлкібас аудандық сотының судьясы Болат Турабай.

Судьяның сөзіне сүйенсек, жаңа кодекске сәйкес, мемлекеттік орган еш уақытта талапкер рөлін ала алмайды, ол тек қана жауапкер болады. Сонымен қатар, бұл заңға бойынша судья шешім шығарып қана қоймай, оның орындалуын да қадағалайды. Лауазымды тұлға шешімді орындамаған жағдайда, 50-ден 100 АЕК дейін қаржылай өндіріп алу жазасы қолданылады. Шешім орындалмайынша, судья ол адамды жауапкершіліктен босатпайды.

Кодексті қабылдау мемлекеттік органдар қызметінің ашықтығы мен тиімділігін арттыруға, мемлекеттік органдардың шешімдер қабылдау процесінде және жоғары тұрған органда және сотта мемлекеттік органдармен дауларды қарау кезінде азаматтар мен бизнестің құқықтарын қорғау кепілдіктерін бекітуге және сот жүйесіне жүктемені азайтуға әкеледі.