Кодекс 29 тараудан және 175 баптан тұрады.
Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі биылғы жылдың 1-шілдесінен бастап күшіне енеді, - деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Мемлекет Басшысы қол қойған Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі биылғы жылдың 1-шілдесінен бастап күшіне енеді. Жаңа кодекст төрт бөлімнен тұрады. Заңнама жалпы бөлім, Мемлекеттік органдардың ішкі әкімшілік рәсімдері, Әкімшілік рәсім және Әкімшілік сот ісін жүргізуге арналған. Мемлекет Басшысы қол қойған Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі 29 тараудан және 175 баптан тұрады.
«Мемлекет Басшысы қол қойған Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексін қабылданған сәттен бастап, жария-құқықтық қатынастарда жеке және қоғамдық мүдделердің теңгеріміне қол жеткізуге ықпал ететін құрал деп білемін. ӘРПК тиімді және бүкпесіз мемлекеттік басақаруды, оның ішінде адамдардың басқару шешімдерін қабылдауға қатысуын қамтамасыз етеді. Бұл дегеніміз жария-құқықтық саладағы заңдылықты нығайту болып табылады»,- дейді Түркістан облысының Әділет департаменің құқықтық түсіндіру және халыққа заңгерлік қызмет көрсету бөлімнің бас маманы, «Қазақстан заңгерлер одағы» республикалық бірлестігінің мүшесі Гүлсезім Бейсебек.
Маманның мәлімдеуінше, ӘРПК жария-құқықтық қатынастарда жеке тұлғалардың бұзылған немесе дау айтылатын құқықтарын әділ, бейтарап және уақытылы шешеді.
«Заңнаманың талабына сай Кодекс, 6 принціптік қағидаттар негізінде заңдылықты, әділдікті, мөлшерлестікті, сенім құқығын қорғауды, формальды талаптарды теріс пайдалануға тыйым салу және соттардың белсенді рөлі арқылы жеке және заңды тұлғалардың жария-құқықтық қатынастарын алдағы уақытта реттейтініне сенімдімін», - дейді маман.