ТҮРКІСТАН: Жәрмеңкеге 30 тонна өнім қойылды

0
771


ТҮРКІСТАН: Жәрмеңкеге 30 тонна өнім қойылды

Түркістан қаласында жәрмеңке бұл аптада да жалғасын тапты. "Алтын бұлақ" автобекетінде өткен сауда алаңында Қазығұрт, Мақтаарал аудандары және "Түркістан" Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясының өнімдері сатылды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Атап айтсақ, картоп 80-90 тг, пияз 50 тг, жылқы еті 1800 тг, сәбіз 70 тг, қырыққабат 60-65 тг, қауын, қарбыз, асқабақ бір келісі 50 теңгеден, сондай-ақ, жүзім 200, алма 120-200, қызанақ 70-100 тг аралығы, қияр 120 теңгені құрады.
Жалпы, кеше жәрмеңке аясында 30 тонна өнім қойылып, бүгін де жалғасын табады.