ТҮРКІСТАН: Жас депутат ауылдың келбетін реттеуге үлес қосты

0
604

Екі тұрғын үйдің шарбағын жаңартып берді.


ТҮРКІСТАН: Жас депутат ауылдың келбетін реттеуге үлес қосты

Бәйдібектік жас депутат ауылдың келбетін реттеуге өз үлесін қосуда, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Бәйдібек ауданында Мемлекет басшысының бастамасымен қолға алынған «Таза Қазақстан» экологиялық акциясының «Таза өлке» апталығы қарқынды жүргізілуде. Ауданның әрбір елді мекенінің сәулеті мен келбетін бұзатын ғимараттар мен тұрғын үйлердің қас келбетін ретке келтіру, көше бойларын құрылыс материалдардан тазарту, қураған талдарды кесу және әктеу, шарбақтар мен орындықтарды сырлау, арық-атыздар мен каналдарды тазалау, түрлі сәнді ағаштар мен гүлдер егу жұмыстары сынды ауқымды жұмыстар атқарылуда.


Аудандық мәслихаттың ең жас депутаты, кәсіпкер Бекәділ Нұрғалиұлы аталған акцияға қолдау білдіріп, аудан орталығындағы басты көшелердің бірі Б.Қарашаұлының бойындағы екі тұрғын үйдің шарбақтарын жаңартып берді.


«Осы елдің азаматы ретінде акция аясында ауданның дамуына, көркеюіне өз үлесімді қосып отырмын. Барша жерлестерімді белсене қатысуға шақырамын», – деді жас депутат.