ТҮРКІСТАН: Жер саласының мамандары әкімнің сынына ұшырады

0
2 271

Орындалған шаралардың нәтижесінен көңілі толмайтынын айтты.


ТҮРКІСТАН: Жер саласының мамандары әкімнің сынына ұшырады

Келес ауданы әкімдігінің мәжіліс залында аудан аумағындағы жерлердің елді мекен шегіне кіргізілуі бойынша атқарылған жұмыстар талқыланды, - деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Аталған жиынға Келес ауданының әкімі Ақментай Есбаев, аудан әкімінің орынбасары Абай Жаңбырбаев, аудандық прокуратураның аға прокуроры Ықтияр Алтынбаев және тиісті сала мамандарымен ауыл, ауылдық округінің әкімдері қатысты.

Жиында сөз алған аудан басшысы А.Есбаев жер мамандарының атқарған жұмыстарының барысын тыңдай келе, орындалған шаралардың нәтижесінен көңілі толмайтынын айтты.

«Елді мекен шегіндегі жерлерді халыққа берілуі бойынша тиісті жұмыстарды атқаруға берген тапсырмама біраз уақыт болды.Әлі ешқайсысың тындырымды жұмыс істемедің. Мен барлық елді мекенді аралап көріп шыққанмын. Қаншама адам құжаттағы көлемінен артық жерді қоршап алып, құжатсыз жерді иемденіп отыр. Сол жерлерді заңға сәйкес құжаттандыруға да тапсырма жүктелген. Ол тапсырманыңда орындалғаны мардымсыз. Қазіргі таңда кезекте тұрған азаматтардың саны аудан бойынша 10 мыңнан асып кетті. Әрбір ауылдық округте мүмкіндік бар өз ауылдарыңда кезектегі тұрғындарға жер беруге, сол бағыттағы жұмыстарға салғырт қарағандардың тиісті шарасын көреміз», - деп аудан басшысы тиісті сала мамандарын сынға алды.

«Бұрындары кей азаматтарқұжатын жасамай үй сала берген. Кейін құжатын жасап аламыз деген түсінік қалыптасқан. Бұлай болмайды.Құжатын жасаңдар. Көмектесіңдер құжатын жасауға. Себебі құжатсыз үйлерге инфрақұрылым жүйесін жүргізе алмаймыз. Соны түсініңдер және түсіндіріңдер халыққа», - деп сөзін қорытындылаған А.Есбаев, берілген тапсырмаларды хаттамаға түсіріп, жеке өзі қадағалауға алатынын айтты.