Ұры сотталмайтын болды.
Түркістан облысының полицейлері мал ұрлығы қылмысын ашты, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Келес ауданының полиция қызметкерлері жергілікті тұрғынның малын ұрлаған жас жігітті қолға түсірді. Жәбір көруші полиция бөліміне белгісіз біреулердің оның мал қорасынан 60 мың теңгелік қойын алып кеткендігі туралы хабарласқан. Аталған жәйт Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 188 бабы, «ұрлық» бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркелген.
Қылмысты ашу мақсатында тәртіп сақшылары бірқатар жедел-іздестіру шараларын жүргізіп, оның ішінде аулаларды тінту және куәгерлерден жауап алу жұмыстарын атқарған. Осындай істердің нәтижесінде полицейлер мал сатып алушының көрсеткен белгілері бойынша бірнеше сағаттың ішінде мал ұрысын қолға түсірді. Ол Келес ауданының тұрғыны болып шықты және қылмысын толық мойындады.
Мал ұрлығы жәйті бойынша жинақталған материалдардың айыптау актсін полицейлер сотқа жолдады. Казіргі кезде шығынның қайтарылуына және екі жақтың келісіміне байланысты сот шешімімен қылмыстық іс қысқартылды.