ТҮРКІСТАН: «Жетікөл» көлдер жүйесі жаңғыртылып жатыр

0
1 280

Бұл – өзіндік ерекшелігі бар жоба.


ТҮРКІСТАН: «Жетікөл» көлдер жүйесі жаңғыртылып жатыр

Түркістанда «Түркістан» туристік-рекреациялық орталығы жасанды көлінің құрылысы жүріп жатыр, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Түркісан облысында «Жетікөл» көлдер жүйесі де жаңғыртылып жатыр. Жұмыстар нәтижесінде көлдің суы қоры ұлғайып, экологиясы жақсарды. Отырар ауданы мен Арыс қаласының экожүйесі жақсара түседі. Бұл – Өзіндік ерекшелігі бар жоба. Өйткені, жыл сайын көлдің жағасы тарылып, экологиялық қауіп туып еді. Былтыр қалпына келтіріп, 34 шақырым ұзындыққа бөгет жасалынып, 261 млн. текше метр су көлге тасталынған.


Сонымен қатар, Түркістанда «Түркістан» туристік-рекреациялық орталығы жасанды көлінің де құрылысы жүріп жатыр. Мұнда жер жұмыстары 100% аяқталған. Су келетін, су жіберетін каналдары дайын. №1, №2, №3 дамбалары тұрғызылған. Бүгінгі таңда №1-3 су келетін каналдардың жер жұмыстары аяқталып, бетон құю жұмыстары жүргізілуде.


Өмірзақ Шөкеев суармалы жер көлемін арттыру, суды үнемдеу және аймақты жасыл алқапқа айналдыру бағытындағы ізденістер мен жұмыстар жалғасатынын айтып, мердігерлерге өз жобаларын сапалы әрі уақтылы аяқтауды тапсырды. Осы жобалар арқылы ауыл шаруашылығы мен туризм дамиды және Түркістан жасыл қалаға айналып, экологиясы жақсарады.