ТҮРКІСТАН: Жетісай ауданында 105 көше асфальтталады

0
510

Облыстық және жергілікті бюджеттен қаржы қаралып отыр.


ТҮРКІСТАН: Жетісай ауданында 105 көше асфальтталады

Жетісай ауданында ұзындығы 32,8 шақырымды құрайтын көшелерге орташа жөндеу жұмыстары жүргізіледі, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Түркістан облысы Жетісай ауданында биыл ұзындығы 32,8 шақырымды құрайтын 38 көшеге орташа жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Қазіргі таңда оның 25,7 шақырымды құрайтын 32 көшесі толық аяқталған. Елді мекен көшелерін орташа жөндеуден өткізуге облыстық және жергілікті бюджеттен қаржы қаралып отыр.


Сондай-ақ, «Ауыл – Ел Бесігі» бағдарламасы аясында Асықата кенті және Қазыбек би, Өркенді, Достық елді мекендері бойынша 41,9 шақырымды құрайтын 67 көшеге орташа жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Қазіргі таңда 8 көшедегі 6,6 шақырымдағы жұмыстар толық аяқталған.


Бұдан бөлек, аудан бойынша жалпы ұзындығы 13,2 шақырымды құрайтын 24 көшеге ағымдағы жөндеу (тас төсеу) жұмыстары жүргізілген. Көшелерге аяқжол салу бойынша 5,47 шақырымды құрайтын 6 көшеде тиісті жұмыстар атқарылуда.


Айта кетейік, Жетісай ауданындағы көлік жолдарының жалпы ұзындығы 365,3 шақырымды құрайды. Оның 43,6 шақырымы – республикалық, 210,4 шақырымы – облыстық, 111,3 шақырым – аудандық маңызы бар жолдар.