ТҮРКІСТАН: Жетісай табиғи шырын шығаруды жоспарлап отыр

0
2 224

Израиль елінен тәжірибе жинақтап келген шаруа қожалық иесі Сұлтан Жолдасбаев енді өз білгендерін аудан дихандарымен де бөлісіп келеді.


ТҮРКІСТАН: Жетісай табиғи шырын шығаруды жоспарлап отыр

Жетісай ауданында алма, жүзім шырындарын жасайтын кәсіпорын іске қосылуы мүмкін, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

Жетісай ауданындағы «Ж.Ералиев» ауылдық округінде орналасқан «Аботя» жеміс-жидек шаруа қожалығы биыл алғаш 2014-жылы 20 гектар алқапқа бау-бақша көшеттерін отырғызған. Оның 7 гектары Италияның «Гренни-Смит», «Гала» және «Голден Дилешес» сортты алма болса, 13 гектары «Султанина», «Мускат-Александриский» сортты жүзімдері. Италия елінің «Витафрут» компаниясымен келісім-шарт жасасқан шаруа қожалық мамандары көшеттерді күтіп-баптаудың да қыр-сырын сол жақтан үйреніп келген.

«Италияндық көшеттер отырғызылған күннен бастап есептегенде 1 жылдан кейін-ақ өнім бере бастайды. Алма мен жүзімнен шілденің ортасынан бастап қарашаға дейін өнім аламыз. Аудандағы баумен айналысқысы келетін шаруа-дихандар тарапынан негізінен көшеттерді отырғызу, оны күтіп-баптау, суғару сынды табысты, мол өнімге қол жеткізу жолындағы мақсатты жұмыстардың реті жайындағы сұрақтар көп қойылады. Еңбек етіп, дұрыс күтіп-баптай білсек кез-келген дақыл жақсы өнім береді», - дейді «Аботя» шаруа қожалығының басшысы Сұлтан Ерболұлы.
Қожалықтың тағы бір ерекшелігі – ағын су тапшылығының алдын алу, үнемдеу мақсатында 20 гектар жерге түгелдей тамшылатып суғару әдісін енгізген. Алдағы уақытта шикізатты өңдеп, алма, жүзім шырынын жасаа, алма қақтарды сауда нарығына шығару жоспарлары бар екен.
Қожалық алма мен көп жылдық жүзімнен бөлек 185 гектар жерге мақта дақылын, 200 гектарға қауын-қарбыз егіп отыр.