ТҮРКІСТАН: Жетісайда «Адал жолды таңдаймыз» тақырыбында велошеру өтті

0
953

Шара соңында белсенді қатысқан азаматтар аудан әкімінің алғыс хатымен, бағалы сыйлықтармен марапатталды.


ТҮРКІСТАН: Жетісайда «Адал жолды таңдаймыз» тақырыбында велошеру өтті

Түркістан облысы Жетісай аудандық ішкі саясат бөлімінің ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында «Адал жолды таңдаймыз» тақырыбында велошеру болып өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Шараға аудан әкімінің орынбасары Әшірбай Тасов, аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Омар Есенбеков пен Түркістан облысы қоғамдық даму басқармасының «Қоғамдық келісім» КММ Жетісай аудандық филиалының басшысы Құрманбек Рысмаханов, ауылдық округ әкімдері мен жас мемлекеттік қызметкерлер қатысты.

«ҚР «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңының 9 бабында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру» сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл субъектілерінің қоғамда сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілікті көрсететін құндылықтар жүйесін сақтау және нығайту бойынша өз құзыреті шегінде жүзеге асыратын қызметі»-дейді. Бұл дегеніміз білім беру, ақпараттық және ұйымдастырушылық сипаттағы осындай шаралар кешені арқылы жүзеге асырылады деген сөз. Бүгінгі велошеру салауатты өмір салтын насихаттауға және жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруда үлкен маңызға ие» деген аудан әкімінің орынбасары Әшірбай Тасов велошабондоздарды ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығымен құттықтап, сәттілік тіледі.
Жастардың бойында сыбайлас жемқорлыққа қарсы азаматтық ұстанымы мен адам бойына қажетті құндылық қатынастарды қалыптастырып, қабілеттерін дамытуды мақсат еткен шарада ұйымдастырушылар викториналық ойындар өткізіп, қатысушылардың сыбайлас жемқорлық салдарынан қоғамға, өнеркәсіпке келтірілетін зияндар мен кері әсерлері, заңдылықтары мен қолданылатын жазалары жайындағы білімдерін тексерді.
«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет – бұл адамның саналы және адамгершілікпен сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұра білу қабілетін қалыптастыру болып табылады. Қоғамда адамгершілікпен сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұра білу қабілетін қалыптастыру мақсатында бүгінгі шаран өте маңызды. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет – ол тек қана сана емес, ол – сыбайлас жемқорлықты бүкіл жан-тәнімен қабылдамау, қарсы тұра білу», - дейді шараға қатысқан Жылы су ауылдық округінің әкімі Ермек Дауылбаев.
Шара барысында қатысушылар Жетісай қаласының орталық көшелерімен жүріп өтіп, мемлекеттік аппараттың қалыпты қызмет етуіне бөгет жасап, билік пен басқару органдарының беделіне нұқсан келтіріп қана қоймай заңдылық қағидаларын жоққа шығаратын, азаматтардың конституциялық құқықтары мен заңды мүдделеріне қысымшылық жасайтын қылмыстың ең қауіпті түрі – сыбайлас жемқорлыққа қарсы бірігіп күресетіндіктерін ұғындырды.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениеттің оған қарсы сананы қалыптастырудан басталатынын алға тартатын қатысушылар қоғамдағы бірлік, әдеп, игі адами қарым-қатынас пен ұйымшылдық құндылықтарының сақталуын жақтайтындықтарын да жасырмады.
Шара соңында белсенді қатысқан азаматтар аудан әкімінің алғыс хатымен, бағалы сыйлықтармен марапатталып, аудан өнерпаздарының концерттік бағдарламаларын тамашалады.