44 шақырымды құрайтын 61 көшеге орташа жөндеу жұмыстары жүргізіледі.
Жетісай ауданында елдімекендерге асфальт төсеу жұмыстары қарқын алды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Жетісай ауданында жол жөндеу жұмыстары қарқын алды. Атап айтсақ, Атамекен ауылдық округі Талапты елдімекенінде Қараағаш және Жаңа жол көшелерін асфальттау жұмыстары жүргізілді.
Атқарылған жұмыстардың барлық талаптарға сәйкестігі тиісті мекемелер тарапынан толық бақыланды. Сонымен қатар, Атамекен ауылдық округінің орталық көшесінің істен шыққан жарықшамдары ауыстырылды. Алдағы уақытта ауылдың қалған көшелерін асфальттау жұмыстары мен жарықтандыру мәселелері қолға алынбақ.
Жалпы биыл Жетісай ауданында «Ауыл – Ел бесігі» жобасы аясында Атамекен, Қызылқұм, Арай, Сейфуллин (Жылы су), Сұлубұлақ елді мекендерінде жалпы ұзындығы 44 шақырымды құрайтын 61 көшеге орташа жөндеу жұмыстары жүргізіледі деп жоспарланып отыр. Жергілікті бюджет және субвенция есебінен 26,5 шақырымды құрайтын 43 көшеде орташа жөндеу жұмыстары атқарылмақ.
Сондай-ақ, 5 шақырымға жуық 10 көшеге тас төсеу жұмыстары жүргізіліп, 2 көпір жөндеуден өткізіледі.