​ТҮРКІСТАН: Жетісайда қалталылардың қалтасын қағып келгендер әшкере болды

0
2 137

Жетісай ауданының тұрғыны 2017 жылдан бері сыбайласы бірлесіп, адамдар тобының алдын ала сөз байласуымен қорқытып алушылық, яғни, адамдарды бопсалаумен айналысып келген.


​ТҮРКІСТАН: Жетісайда қалталылардың қалтасын қағып келгендер әшкере болды

Жетісайлықтарды бопсалаумен айналысып келген қылмыстық топ мүшелері Жетісай аудандық сотының үкімімен кінәлі деп танылды деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

Алғаш 2017 жылы жәбірленуші Жетісай ауданының тұрғынын «автокөлігін жалған техикалық байқаудан өткізіп берген» деген мағынада оның жеке басын масқаралайтын арыз-шағымдарды жоғары тұрған органдарға бірнеше рет жазып, әбден масқаралап, соңғымен байланысқа шығып, ақша бермеген жағдайда қайта-қайта арызданып, қылмыстық жауапкершілікке тартылғанша қоймайтынын, оның тағдырын өкінішті етіп жіберетінін мәлімдеп, жәбірленушіден 2 млн теңге беруді талап еткен.
Сонымен қатар, сотталушы өзінің қылмыстық іс-әрекетін жалғастырып, 2018 жылдың мамыр айында тағы екі азаматтан «халыққа тыңайтқыш бермей жүргендерің үшін үстеріңнен арыз жазамын, соны тексеріп келетін комиссияға беретін 200 000 теңге ақшаны маған бере салыңдар, болмаса жұмысыңа зиян тиеді» деп қорқытып, ұялы телефонымен хабарлама жазып, олардың жеке басын масқаралайтын мәліметтерді жоғары тұрған органдарға жазып, жәбірленушілерден ақша беруді талап еткен.
Ауданда 2017 жылдан бері өзінің сыбайлас-серіктесімен бірлесіп адамдар тобының алдын ала сөз байласуымен бірнеше азаматтарды қорқытып алушылық, яғни, бопсалау қылмысымен айналысып келген азаматты сот ҚР ҚК 194-бабы 2-бөлігінің 2 және 3-тармақтарымен кінәлі деп тауып, қылмыстық жауапкершілікке тартқан.
«Біз бүгінде жер-жерлерде аудан тұрғындарымен кездесулер өткізіп, өзекті мәселелерге, соның ішінде, алаяқтық, бопсалау, мал ұрлығы мен ұлтаралық кикілжіңдерді болдырмауға ерекше мән беріп отырмыз. Әрбір жиынға сол ауылдың учаскелік полицияларын, әкімдерін, мүмкіндігінше депутаттарын қатыстырып, күрмеуі шешілмей жүрген түйіндерді талқылап, шешу жолдарын қарастырудамыз. Сонымен қатар, әрбір кездесуде тұрғындардың арасында жиі орын алатын қылмыс санаттарымен, оның қылмыстық, әкімшілік кодекстер бойынша қолданылатын жаза түрлерімен таныстырып, түсіндіру жұмыстарын жүргізіп келеміз»,- дейді Жетісай ауданының прокуроры Нұрғали Асқанбеков.