ТҮРКІСТАН: Жетісайда көпбалалы аналар баспанамен қамтылады

0
2 041


 ТҮРКІСТАН: Жетісайда көпбалалы аналар баспанамен қамтылады

Жетісай ауданының әкімі Жамантай Бейсенбаев аудандағы көпбалалы аналар мен мүмкіндігі шектеулі жандарды баспанамен қамту керектігін айтты деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

Барлық деңгейдегі әкімдердің Республикалық бірыңғай қоғамдық қабылдауы кезінде Жетісай ауданының әкімі Бейсенбаев Жамантай Қанайұлы тұрғындарды жеке мәселелерімен қабылдады. Қала, кент және ауылдық округтерден келген азаматтар аудан басшысына ауыз су, жол, тазалық, электр жарығы мен тұрғын үй мәселелерін айтып, аудан орталығынан шалғайда орналасқан елді мекендерде бұқаралық спортты дамыту мақсатында спорттық алаңшалар салу үшін жер учаскелерін алу мәселелерін көтерді.
“Біздің ауданда баспанасы жоқ көпбалалы аналар мен мүмкіндігі шектеулі жандар болмауы тиіс. Бұл бағытта тиісті жұмыстар атқарылып жатыр. Тұрғындардың денсаулығының негізгі тетігінің бірі – ауыз су мәселесін де кезең-кезеңімен шешіп келеміз. Биылғы жылы атқарылған жұмыстар аз емес, алдағы жылға да жоспарлап ауқымды. Сондықтан біз халықтан жырақта емес, елдің арасында жүріп адал еңбек етуге тиіспіз”, - деді аудан әкімі Жамантай Қанайұлы.
Жиын барысында аудан басшысына базынасын айтып келген әрбір тұрғынның мәселесі хаттамаға енгізіліп, тиісті сала мамандарына тапсырмалар берілді. Берілген тапсырмалардың орындалуын аудан әкім жеке бақылауына алатынын айтты.