Аталған жайт СДТТБТ-не енгізіліп, ҚР ҚК-нің 188-бабы «Ұрлық» бойынша тіркелді.
фото: ашық дереккөзден алынды
Түркістан облысы полицейл полицейлері көршісінің малын ұрлаған күдіктіні ұстады, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Жетісай АПБ-не жергілікті тұрғын арызданады. Ол өз арызында егістік алқабында арқандаулы тұрған буаз биесін белгісіз біреулер ұрлап кеткенін, бір айдай уақыт өзі ары-бері іздеп, таба алмаған соң, полицейлерден көмек сұрағанын көрсеткен. Жәбірленушіге келтірілген шығынның жалпы көлемі 500 мыңға жуық теңгені құраған.
Аталған жайт СДТТБТ-не енгізіліп, ҚР ҚК-нің 188-бабы «Ұрлық» бойынша тіркелген. Орын алған мал ұрлығы қылмысын ашу, күдіктіні ұстау мақсатында Жетісай АПБ-нің ЖПҚ учаскелік полиция инспекторлары мен криминалды полиция бөлімінің қызметкерлері бірлесіп, келіп түскен ақпаратқа байланысты жедел-іздестіру жұмыстарын жүргізеді. Жақын аймқтарды аралап шығып, куәгерлерден сұрастырып, бейнебақылау камераларын шұғыл тексереді. Нәтижесінде бейнебақылау камерасынан күдіктілердің түсіп қалған бейнесі табылады. Полицейлер 2 күдіктінің жеке-бастарын анықтап, біреуін ұстайды. Ол өз кінәсін толық мойындап, айғақты заттар алынып, ҰУИ-на қамауға алынды. Екіншісіне іздеу жарияланды.Тергеу барысында полицейлер күдіктінің бірі жәбірленушінің көршісі екенін анықтады. Және олар ұрланған биені мал базарға апарып сатып, қаржысын өз қажеттіліктеріне пайдаланған. Сонымен қатар, тәртіп сақшылары тергеу барысында күдіктілердің тағы бір ұрлыққа қатыстылығын әшкереледі. Күдіктілер екінші жәбірленушінің тұрғын-үйінің ауласынан 2 бас қошқарын жасырын ұрлаған. Қазіргі таңда осы қылмыстар бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.