ТҮРКІСТАН: Жетісайда мерекелік мәдени іс-шара өтті

0
523

Бөлім басшысының алғыс хаттарын табыстап, сый-сияпат жасады.


ТҮРКІСТАН: Жетісайда мерекелік мәдени іс-шара өтті

Жетісайда Мәдениет және өнер саласы қызметкерлері күні аталып өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Елімізде «Адал азамат» тұжырымдамасын іске асыруда мәдениет саласы қызметкерлерінің маңызы зор. Осы ретте «21-мамыр – Мәдениет және өнер саласы қызметкерлері күні» мерекесіне орай аудандық «Жетісай» мәдениет үйінде арнайы іс-шара өтті.


Шараға ауданға қарасты қала, кент пен ауылдық округтерде орналасқан мәдениет үйлерінің, Қ.Жандарбеков атындағы Жетісай драма театрының қызметкерлері қатысты.


Аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Еркебұлан Сейдалиев мәдениет саласының мамандарын кәсіби мерекесімен құттықтап, ауданның мәдениет және өнер саласының дамуына сүбелі үлесін қосқан бірқатар мамандарына аудан әкімі Серік Мамытов пен облыстық кәсіподақ ұйымының, бөлім басшысының алғыс хаттарын табыстап, сый-сияпат жасады.


Ұлттық мәдениеттің халықтың бет бейнесі екендігін паш ете отырып құндылықтарымызды насихаттау, жас таланттарға сахна өнерін игертіп, аға буын өнерпаздардан өнеге алуына жағдай жасау, ата-бабадан мұра ретінде ұрпақтан-ұрпаққа аманат етіліп келе жатқан мәдениетіміздің майталмандарының төл мерекесін тиісті дәрежеде атап өту мақсатында өткен шарада жергілікті өнерпаздар әуелете ән шырқап, мың бұрала би биледі. Көпшілікке мерекелік көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.