ТҮРКІСТАН: Жетісайда үйінде ірі мөлшерде есірткі сақтаған азамат ұсталды

0
2 665

Жетісай аудандық полиция бөлімі «КӨКНӘР» рейдтік операциясын ұйымдастырды.


ТҮРКІСТАН: Жетісайда үйінде ірі мөлшерде есірткі сақтаған азамат ұсталды

Жетісай аудандық полиция бөлімі «Көкнәр» рейдтік операциясын жүргізу барысында үйінде ірі мөлшерде есірткі сақтаған Жетісайлық азамат ұсталды деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

2019-жылдың 31-тамызы күні Жетісай аудандық полиция бөлімі есірткі бизнесіне қарсы күресті нығайту, есірткі таратудың алдын алу мақсатында «КӨКНӘР» рейдтік операциясын ұйымдастырды. Іс-шараға полиция қызметкерлері мен кинолог мамандар арнайы қатысты. Нәтижесінде, Жетісай ауданы, Қазыбек би ауылдық округінің Құрбан ата елді мекенінде тұратын К. есімді тұрғыны ұсталды. Аталмыш азаматтың үйінен 333 түп тыйым салынған, құрамында есірткі тектес қоспасы бар сора өсімдіктері заңсыз егіп өсіргендігі, сондай-ақ, тұрғын үйінің аумағына аса ірі мөлшерде жалпы салмағы 26 кг. 460 гр. болатын көкнәрдың сабандарын, аса ірі мөлшердегіжалпы салмағы 14 кг. 580 гр. болатын кептірілген марихуананы үйінен, жалпы салмағы 1 гр. 480гр. болатын кептірілген марихуана үйіне жапсарлас сарайынан табылып, қаптарға салынғандығы анықталды. Азамат К-нің үстінен Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 300-бабы 2 бөлігінің 3-тармағында, 296-бабы 4-бөлігінде көзделген қылмыстық құқық бұзушылық бойынша іс қозғалған.

Бүгінде жоғарыдағы аталған есірткі заттары толық жойылып, тергеу жұмыстары жүргізілуде.