Өңірде бетперде тапшылығына байланысты цехтар өз жұмыстарын қарқындатуда.
Жетісай қаласындағы «Айнұр» және «Әсем» жеке кәсіпкерлік нысандары күніне 3000-ға жуық медициналық бетперде тігіп, сатылымға шығаруды қолға алды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Алдағы уақытта жұмыс күшін арттырып қуаттылығын 4000 данаға жеткізу жоспарланып отыр.
Өңірде бетперде тапшылығына байланысты цехтар өз жұмыстарын қарқындатуда. Дәріханалар мен бөлшек саудада туындаған медициналық бетперде тапшылығын жою үшін бүгінде кәсіпкерлер өз үлесін қосып, өнімді арттырып жатыр.