ТҮРКІСТАН: Жетісайлық шаруаларға аз пайыздық несие беріледі

0
813

Кепілмен 100 млн теңгеге дейін несие беріледі.


ТҮРКІСТАН: Жетісайлық шаруаларға аз пайыздық несие беріледі

Жетісай қаласында «БанкЦентрКредит» АҚ жаңа бөлімшесі ашылды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Банк ғимаратының ашылу салтанатына аудан әкімі Мұрат Болатұлы мен «БанкЦентрКредит» АҚ Шымкент қаласы мен Түркістан облысы бойынша филиал директоры Абзал Оналбаев, аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Әділхан Әбжанов пен аудандық мәслихат аппаратының басшысы Сұңғат Амангелдиев, «Nur Otan» партиясы Жетісай аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Әділхан Асауов пен аудандық мәслихат депутаттары Жұмағали Төреқұл, Ғазиза Шүкірбаева мен Хадиша Қожбанова, ауданның табысты кәсіпкерлері мен қала тұрғындары қатысты. Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерей тойымен және Ұлттық Валюта күнімен құттықтаған аудан басшысы банк жұмысына сәттілік тіледі.


1988 жылы негізі қаланған «БанкЦентрКредит» АҚ 33 жылдан бері тұтынушыларға сапалы, тиімді қызмет көрсетіп келеді. Қазірдің өзінде 6 – 70 жас аралығындағы ел азаматтарына түрлі карталарды іске қосқан. Аталмыш карталармен кез-келген сауда нүктелерінде төлем жасауға болады. Одан бөлек банк жеке және заңды тұлғаларға тиімді пайыздық үстемемен несие беруді де қолға алған.


«Біздің банк бөлімшелері жеке тұлғаларға 10 минут ішінде 7 млн теңгеге дейін кепілсіз, ал, кепілмен 100 млн теңгеге дейін несие беріледі.

Ал, заңды тұлғаларға, шағын және орта бизнес өкілдеріне кепілсіз 20 млн теңгеге дейін несие беретін «БанкЦентрКредит» АҚ бөлімшелерінде иптекалық баспаналарға қатысты банктік операциялардың барлық түрлерін жүзеге асыруға болады. Тағы бір айта кетерлік жәйт – наурыз айынан бастап аграрлы салаға кепілмен 6%-дық несие де беріледі. Несие беру мерзімі – айналымдағы қаражат есебінен 3 жыл, инвестициалық қаражат есебінен 7 жыл», - дейді «БанкЦентрКредит» АҚ Шымкент қаласы мен Түркістан облысы бойынша филиал директоры Абзал Оналбаев.


Жетісай ауданында қызметін бастаған банк ел аумағында ашылған 122-ші бөлімше болып отыр. Жыл соңына дейін өңірлерде тағы 20 бөлімше ашу жоспары бар.