ТҮРКІСТАН: Жетісайлықтар жылыжайдан 600 тоннаға жуық өнім алған

0
655

21 гектар аумаққа жылыжай салынған.


ТҮРКІСТАН: Жетісайлықтар жылыжайдан 600 тоннаға жуық өнім алған

Жетісай ауданында жылыжайдан 600 тоннаға жуық өнім алынған, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Жетісай ауданы әкімінің тапсырмасына сәйкес аудан бойынша 21 гектар аумаққа жылыжай салынған. Бұның 15 гектары жергілікті нарыққа көкөніс дақылдарын өсіріп отырса, қалған 6 гектары шаруаларға дайын көшет өндіріп береді.


Сондай жылыжайдың бірі Асықата кентінде орналасқан тамшылатып суғару әдісімен жұмыс жасайтын "КХ ДОСЖАН" шаруа қожалығы.Бүгінгі таңға дейін 2 гектар аумаққа орналасқан жылы жайдан екінші өнімінен 15 тонна қияр, 90 тонна қызынақ өніміалынған. Өнімдердің барлығы жергілікті сауда орындарында көтерме бағамен сатылып жатыр екен. Аталмыш шаруа қожалығында 20-ға жуық жергілікті тұрғын тұрақты жұмыспен қамтылған.


"Осы уақытқа дейін жалпы 100 тоннадан астам көкөніс алдық. Биылда осы межеден көрінуді ниет етіп отырмыз. Қосымшаайта кететін болсақ, мұнда лимон өсірудіде қолға алғанбыз. Алдағы жылы өнім береді деп күтіп отырған жайымыз бар. Бүгін қызанақтарды егу жұмыстарын аяқтап ертең қияр көшеттерін отырғызғу жұмыстарын бастаймыз. Наурыз айында дайын өнімді жинап аламыз дейді", - шаруашылық агрономы Нышанов Бердияр.


Жалпы, былтыр аудан бойынша 15 гектар жылы жайдан 600 тонна өнім алынған.