ТҮРКІСТАН: Жетсайда газ құю бекетін тонаған күдікті құрықталды

0
942

Оқиға ҚР Қылмыстық кодексінің 191-бабы «Тонау» бойынша тіркеуге алынды.


ТҮРКІСТАН: Жетсайда газ құю бекетін тонаған күдікті құрықталды

Жетісайда газ құю бекетіне белгісіз біреулер шабуыл жасап, танап кетті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Түркістан облысы, Жетісай аудандық полиция бөліміне қыркүйек айының 17-сі күні ауданда орналасқан газ құю бекетінің операторы хабарласып, белгісіз азаматтардың кенеттен шабуыл жасап, ұрып-соғып, қалтасындағы ақшасын күшпен алып кеткендігін жеткізген. Арыз келіп түскеннен бастап жедел әрекет еткен аудандық полицейлер ҚР Қылмыстық кодексінің 191-бабы «Тонау» бойынша тіркеуге алынып, сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдарын жүргізеді. Жәберленушіге келтірілген шығынның жалпы көлемі 28 мың теңге.

Жетісай АПБ-ның полицейлері оқиға орнына барып тексеріп, сонымен қатар аудан тұрғындарының, куәгерлердің арасында сұрастыру жұмыстарын жүргізеді. Осылайша жедел жүргізілген іздестіру іс шаралары кезінде аталған тонау қылмысына күдікті Жетісай қаласының 2 тұрғыны құрықталды. Сонымен қатар, полицейлер ұсталған азаматтардың бірінің 2011 жылы «тонау» бабымен сотты болғандығын анықтады.

Тергеу барысында белгілі болғандай, газ құю бекетінде оператор болып істейтін азаматтың бірі, яғни күдіктінің бірінің туысы оған қарыз болған. Жиыннан ішімдікке сылқия тойып алып шыққан күдікті сол туысынан қарызын алмақшы болып газ құю бекетіне сыбайласымен бірге келген. Алайда, туысын таба алмағаннан соң бекетте жұмыс істейтін екінші бір оператордың қалтасындағы ақшасын күштеп, ұрып соғу арқылы 28 мың теңгені алып кеткен. Ол ақшаның 14 мың теңгесі күдіктілерден айғақты зат ретінде алынып, иесіне қайтарылды.

Бүгінгі таңда аталған жайтқа қатысты барлық құжаттар сараланып, дәлелін тауып, аудандық сотқа жолданды.