ТҮРКІСТАН: «Жігерген-Көкібел» бағытында жол жөндеу жұмыстары басталды

0
786

Нысанның жөндеу жұмыстары 2024 жылға өтпелі.


ТҮРКІСТАН: «Жігерген-Көкібел» бағытында жол жөндеу жұмыстары басталды

Қазығұрт ауданында «Жігерген-Көкібел» автомобиль жолына орташа жөндеу жұмыстары жүріп жатыр, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Қазығұрт ауданында жалпы ұзындығы 18 шақырымға жуық облыстық маңызы бар КХ-44 «Жігерген-Көкібел» автомобиль жолына орташа жөндеу жұмыстары жүріп жатыр. Аталған жұмыстарды Түркістан облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының тапсырысымен «АлемТрансЖол» ЖШС мердігер мекемесі атқарып жатыр.


Нысанның жөндеу жұмыстары 2024 жылға өтпелі. Сметалық құжаттамаға сәйкес, жөндеу жұмыстары кезінде асфальт жабыны толығымен жаңартылып, елді мекендерде жаяу жүргіншілерге арналған аяқжол салу, жасанды жол кедергісі (ИДН) және тиісті жол белгілерін орнату қарастырылған.


Салынған жолдың сапасын «Оңтүстік жолдары» МКК және «Ұлттық жол активтері сапасы орталығы» РМК тарапынан тұрақты бақылайтын болады.