Түркістан өңірі бойынша кәсіпкерлер, еріктілер мен өзге де азаматтар қиындыққа тап болған адамдарға көптеген көмек көрсетіп келе жатыр.
Түлкібастықтар орталық ауруханаға 10 дана оттегі концентраторын сыйлады, - деп хабарлайды ERNUR.KZ.
«Туған жерге тағзым ету - әр перзенттің парызы» - демекші, өзге аймақтарға көшіп кетсе де, туған жерін ұмытпай, қиын сәтте қамқорлық жасап жатқан азаматтар қатары Түркістан облысы Түлкібас ауданында күн санап артып келе жатыр. Бүгін елін сүйген азаматтар пневмониямен күресте аса қажетті оттегі концентраторының 10 данасын аудандық ауруханаға табыстады.
Айта кетсек, оттегі концентраторының 5 данасын Түлкібас ауданының тумасы, «Жігіттер» квартетінің продюсері Ерғали Абдраймов және 5 данасын «Nur Max» құрылыс компаниясының директоры Лесалы Абзал есімді азамат тарту етті.
Аудан тумалары қандай да қиын кезеңде болмасын туған жерлеріне қолдау көрсетіп, қол ұшын созуға дайын екендіктерін жеткізіп, ақ халатты абзал жандардың жұмыстарына сәттілік тілеген.
Айта кетсек, бүгінгі таңда Түркістан өңірі бойынша кәсіпкерлер, еріктілер мен өзге де азаматтар қиындыққа тап болған адамдарға көптеген көмек көрсетіп келе жатыр.