ТҮРКІСТАН: Жолда қалған жолаушыларға түскі ас берілді

0
487

200-ден астам жолаушыға жылыну пункттері қызмет етті.


ТҮРКІСТАН: Жолда қалған жолаушыларға түскі ас берілді

Тараз-Шымкент бағытындағы жолда тұрып қалған жолаушыларға түскі ас таратылды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Тараз-Шымкент бағытындағы жол бойында ауа-райының қолайсыздығынан тұрып қалған жолаушыларға Түлкібас ауданы әкімдігінің ұйытқы болуымен түскі ас таратылды.


Аталған шара барысында кәсіпкерлік бөлімі мен Шақпақ ауылдық округі әкімдігінің мамандары 300-ден аса жолаушыға түскі ас пен шәй және су, 200 дана бөлке нан үйлестірді. Сонымен қатар 200-ден астам жолаушыға жылыну пункттері қызмет етті.


Түркістан облысында жолдарды қардан тазалау, электр желілерін жөндеу жұмыстары жалғасып жатыр. Төтенше жағдайлар департаменті тарапынан республикалық, облыстық жолдарды қардан тазарту үшін жалпы 133 адам, 74 техника, ал жергілікті маңызы бар автомобиль жолдарын қардан тазарту үшін жалпы 97 адам, 41 техника көмекке жіберілген.


Қарды тазалау, инертті материалдарды шашу жұмыстарына 75 дана арнайы техника, 322 жұмысшы жұмылдырылды. 4 қаңтардағы мәлімет бойынша қатты жауған қардың және бұрқасын жел мен боран салдарынан 8 облыстық маңызы бар жол уақытша жабылды. Қар құрсауынан 103 жеңіл және жүк көлігі, 110 адам шығарылған.


Мамандар таулы аймақтарда тұрғындарға жолға шықпауды ескертуде.