​ТҮРКІСТАН: Жүк көлігінің бөлшектерін ұрлаумен айналысатындар ұсталды

0
1 098

Көлік иесі 200 мың теңге шығынға ұшыраған.


​ТҮРКІСТАН: Жүк көлігінің бөлшектерін ұрлаумен айналысатындар ұсталды

Түркістан облысында автокөлік бөлшектерін ұрлаған күдіктілер ұсталды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Осы жылдың ақпан айында Сайрам АПБ-нің кезекшілік бөліміне белгісіз жергілікті тұрғын белгісіз тұлғалардың жүк көлігінің бөлшектерін ұрлап кеткендігі туралы хабарлайды. Дәл сол күні полицияға тағы бір жәбірленуші хабарласып, ұрылардың жүк көлігінің дискілерін сөгіп алып кеткендігін айтады.

Келтірілген шығынның жалпы сомасы 200 мыңнан астам теңгені құрап отыр. Аталған жайттар Сайрам АПБ-не ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабы «ұрлық» бойынша тіркеуге алынды.

Сайрам АПБ-нің полицейлері жүргізген жедел-іздестіру шараларының аясында жергілікті тұрғын, яғни 4 күдіктіні құрықтады. Тергеу барысында ұсталған азаматтардың жалпы шығыны миллионға жуық қаржыны құрайтын 6 ұрлық жайтына қатысы бар екендігі анықталды. Ұрланған заттардың бір бөлігі заңды иелеріне қайтарылды. Полицейлер күдіктілердің тағы да басқа қылмыстарға қатысы бар-жоқтығын анықтауда.

Қазіргі уақытта сотқа дейінгі жинақталған барлық материалдар процессуалды шешім шығару үшін сотқа жолданды.
Дереккөз: ТО ПД-нің баспасөз қызметі