Түркістанда 15 мың абонент сапалы электр қуатымен қамтылған

0
1 073

Р.Аюпов: «Азаматтарға үй салуға жер берілу үшін толық инфрақұрылымы жүргізілуі тиіс».


Түркістанда 15 мың абонент сапалы электр қуатымен қамтылған

иллюстрациялық фото: ашық дереккөзден

Рашид Аюпов қала тұрғындарын онлайн қабылдады, - деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Түркістан қаласының әкімі Рашид Аюпов тұрғындармен онлайн кездесу барысында жер телімін беру жайлы смұраққа жауап берді.

«Азаматтарға үй салуға жер берілу үшін толық инфрақұрылымы жүргізілуі тиіс. Одан соң үйдің қалай болу керектігін архитекторлар көрсетіп, содан кейін ғана жер бере бастайды. Білесіздер, 90 жылдары инфрақұрылымсыз жерлер беріле бастады. Үйлер салынды, сосын: «жол қашан?», «су қашан?» деген сұрақтарды жергілікті әкімдікке келіп сұрай бастады. Осындай жағдайды болдыртпау үшін, барлығын ескеріп отырмыз», - деген шаһар басшысықала бойынша сапалы электр қуатымен қамтамасыз ету үшін де арнайы жоба жасалып,қазірде 15000 абонент сапалы электрмен қамтылғанын айтып өтті.

Сондай-ақ, шаһар басшысы дәріхана бағаларының шекті бағамен тауар сатуын мобильді топ мүшелері бақылап жатқанын да атап өтті. Одан өзге, дәрі-дәрмек тапшылығын жою үшін 11 шілде күні Алматы қаласынан 136 түрлі 242 қорап және 15 шілде күні 110 түрлі 140 қорап дәрінің алғашқы толқыны келген. Оның ішінде: антибиотиктер, антикоагулянттар (қан сұйылтатын) және тыныс алу жолдарына арналған дәрілермен толығып, келісімге келген дәріхана сөрелеріне орналастырылып, тек шекті бағадан асырмай сатылып жатыр. Алдағы күндерде де сұраныс бойынша дәрі-дәрмек жеткізілетін болады. Сонымен қатар, тұрғындарда дәрі-дәрмек тапшылығы болмас үшін және кәсіпкерлерге қолдау ретінде тез жеткізу үшін қала әкімдігі логистикамен қамтамасыз етіп келеді.