Түркістанда 23 жоба жүзеге асырылады

0
565

3451 жұмыс орны ашылады.


Түркістанда 23 жоба жүзеге асырылады

Түркістанда 3,5 мыңға жуық адамды жұмыспен қамтитын 23 жоба жүзеге асады, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Өнеркәсіп көлемін арттыру мақсатында Түркістандағы индустриалды аймақта қолданыстағы 40 гектар жер телімі қосымша 310 гектарға ұлғайтылып, инфрақұрылыммен қамтамасыз етіліп жатыр. Осы аймақта жалпы құны 85 млрд. 344,4 млн. теңгені құрайтын 23 жаңа жоба іске асырылып, 3451 жұмыс орны ашылады.


Атап өтсек, 2015-2020 жылдар аралығында жоба құны 3 млрд 640,4 млн. теңгені құрайтын 14 кәсіпорын мемлекеттік қабылдаудан өтіп, 651 адамды жұмыспен қамтыған. Ал, 2021 жылы өнеркәсіп саласында құны 2 млрд. 754,0 млн. теңгені құрайтын 4 жоба іске асырылып, 1367 жұмыс орны құрылған. Олар: «Turkestan Textile» БК» ЖШС тоқыма жіп өнеркәсібі (жоба құны 500,0 млн.тенге); «Euro Blok Production» ЖШС газабетон блоктар зауытының құрылысы (жоба құны 113 млн.теңге); «Спецстрой» ЖШС (1100,0 млн. теңге) және «EKP-Group 878» ЖШС бетон зауытының құрылысы (жоба құны 1 млрд 041 млн.теңге).