Түркістанда 29 нысан бой көтереді

0
1 982

Түркістан қаласында құрылыс жұмыстары жүргізіліп жатқан 29 нысанның биыл 7-і пайдалануға берілді.


Түркістанда 29 нысан бой көтереді

Түркістан бүгінде құрылыс алаңына айналған. Қаладан жаңадан 29 нысан салынады – деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

Бұл туралы бүгін баспасөз мәслихатын өткізген облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев айтып өтті. Жиынға республикаға танымал БАҚ өкілдері және өңірлік төртінші билік өкілдері арнайы қатысты.
Бүгінгі таңда құрылысы қарқынды жүріп жатқан Түркістанда 29 нысан салынады. Оның ішінде жаңа әкімшілік-іскерлік орталығында 17 нысанның құрылысы басталды. Биыл 7 нысан пайдалануға беріледі. Атап айтсақ, облыс әкімдігі, Астана алаңы, Медиа орталық, Олимпиадалық резервтегі спорт мектебі, саябақ, музыкалық мектеп, халыққа қызмет көрсету орталығы.
ҚР Тұңғыш Президенті Н.Ә. Назарбаевтың тапсырмасына сәйкес, Түркістан қаласында туризм саласы бойынша колледж ашу жұмыстары жүргізілуде. Сондай-ақ экологиялық, тарихи-мәдени және танымдық бағытта 57 туристік маршрут әзірленді. Соның бірі - Қасқасу туристік-рекреациялық кешені, «Ұлы Жібек – жолы» ұлттық қол өнер шеберлері орталығын» жасақтау, Шығыс базары.