Түркістанда 30 тоннадан астам өнім жәрмеңкеге қойылды

0
494

"Алтын бұлақ" автобекетінде өтті.


Түркістанда 30 тоннадан астам өнім жәрмеңкеге қойылды

Түркістанда ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі өтті, - деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Түркістан қаласында апта сайын ұйымдастырылып келе жатқан ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі өтті. Шахардағы "Алтын бұлақ" автобекетінде өткен сауда алаңында Сайрам мен Төлеби ауданы және "Түркістан" Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы мен қала кәсіпкерлерінің өнімдері сатылымға қойылды.

Айта кетсек, жәрмеңкеге қойылған өнімдер нарықтағы бағадан 10-15 пайыз төмендетіліп сатылды. Атап айтқанда, картоп - 90-100 теңге, пияз - 50 теңге, жылқы еті - 1800 теңге, сәбіз - 70 теңге, қырыққабат - 60-65 теңге, сонымен қатар қауын-қарбыз, асқабақтың келісі - 50 теңгеден, сондай-ақ, жүзім 200 теңге, алма 120-200 теңге, қызанақ 70-100 теңге, қияр - 300 теңгеден сатылымға қойылды.

Жалпы, аталған жәрмеңке аясында түркістандық диқандардың 30 тоннадан астам өнімі сатылған. Сауда-саттық екі күн бойы жалғасын тапты. Айта кетейік, қала тұрғындары жәрмеңкеге барған жағдайда арақашықтықты сақтап, бетперде тағуды естен шығармауы қажет.