Жалпы Түркістанда 14 әлеуметтік дүкен бар. Онда тек нан ғана емес, картоп, пияз, сәбіз секілді күнделікті тұтыну тауарлары арзан бағамен сатылымға шығарылуда.
Түркістан қаласында әлеуметтік нан бағасы 75 теңгеге тұрақтады, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.
Қазіргі кезде үлкен сауда орталықтары мен әлеуметтік дүкендерде нан бекітілген бағада сатылуда. Ал, жеке наубайхана нандары 80-85 теңгеге саудаланып жатыр. Ал, көлемі үлкендеуі 100-120 теңге тұрады.
"Қостанай облысынан Түркістан қаласына бидайды төмен бағамен жеткізу жөнінде келіссөздер жүргізілді. Әлеуметтік нан өндіру үшін қаладағы «Ақжол» ЖШС бірінші сұрыпты бидай ұнымен қамтамасыз етілді. Қазіргі кезде күн сайын 1 сортты ұннан жасалған әлеуметтік нан қаланың 20 сауда орырдарында 75 теңгеден сатылуда. Бұл азық-түлік тауарларын сататын сауда орындарының жалпы санының 66 пайызын құрайды", - дейді, облыстық кәсіпкерлік және сауда басқармасының басшысы Нұрлан Байғұт.
Жалпы Түркістанда 14 әлеуметтік дүкен бар. Онда тек нан ғана емес, картоп, пияз, сәбіз секілді күнделікті тұтыну тауарлары арзан бағамен сатылымға шығарылуда.
Мұндағы бағаларды облыстық азық-түлік бағасын тұрақтандыру қоры тұрақты бақылауға алған.
"Азық-түлік қоры жеткілікті. Баға біздің бақылауымызда. Алдағы уақытта халық көп жүретін базар аумағынан да бір әлеуметтік дүкен ашу ісін қолға алып отырмыз", - дейді облыстық азық-түлік бағасын тұрақтандыру қорының басқарушы директоры Марал Марасилов.
Бүгін, сала мамандары нан бағасын тұрақтандыру бойынша рейдтік іс-шара өткізді. Қаладағы дүкендер мен наубайханаларда болып, тұрғындармен тілдесіп, ұсыныстарын тыңдады.
"Ұн бағасы қымбат.7000 теңгеден алып жатырмыз. Ашытқы, жұмыртқа қосамын. Шығыным көп. Бірінші қарашаға дейін жұмыс істеп көреміз.Егер ұн бағасы төмендейтін болса, жұмысымызды жалғастырамыз немесе бағаны тағы қосамыз. Әйтпесе жабыламыз.Себебі, қазір тек шығынға жұмыс істеп жатырмыз", - дейді жеке наубайхана иесі Камалдин Зияддинов.