Түркістанда «Amanat» партиясына қабылдау шарасы өтті

0
851

Қазіргі таңда өңірде 243 бастауыш партия ұйымы жұмыс істеп тұр.


Түркістанда «Amanat» партиясына қабылдау шарасы өтті

Түркістанда «Amanat» партиясына қабылдау шарасы өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Бүгін Түркістан қаласында «AMANAT» партиясына салтанатты қабылдау іс-шарасы өтті. Саяси ұйымның мүшелігі түрлі сала өкілдерімен толықты. «AMANAT» партиясы Түркістан облыстық филиалы атқарушы хатшысының орынбасары, облыстық мәслихат депутаты Қалыйма Жантөреева жиынды ашып, жаңа партияластарды құттықтады.


«AMANAT» партиясы - 23 жылдық тарих пен ресурсқа ие. Партияның филиалдары бүгінге дейін нәтижелі жұмыстарды көрсетіп, халықтың әлеуметтік жағдайын жақсартуға үлес қосып келеді. Бүгін осы шарамызда жеке кәсіпкер, үкіметтік емес ұйымдар, білім және денсаулық саласының өкілдері және белсенді жастар партияға қабылданды. Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев партия проблемаларды ашып көрсететін, сайлаушылардың мүддесін қорғайтын қозғаушы күш болу керектігін айтқан болатын. Ендеше, партияның жаңа мүшелері мемлекеттің реформаларын, саяси ұйымныңміндеттері мен ұстанымдарын бірлесіп іске асыруға шақырамыз», - деген Қалыйма Жантөреқызы партиялық билеттерді табыстады.


Жиын барысында ҚР Президентін сайлау науқанына белсене атсалысқан азаматтар Қ.Тоқаевтың алғыс хатымен марапатталды.


Атап өтсек, «AMANAT» партиясында 800 мыңға жуық партия мүшесі болса, оның 10 пайызын яғни 80 мыңға жуығын Түркістан облысы құрайды. Жыл басынан бері өңір көлемінде 2300-ге жуық азамат “аманаттық” атанған. Қазіргі таңда өңірде 243 бастауыш партия ұйымы жұмыс істеп тұр.