Түркістанда әмбебап дүкен иелерімен меморандум жасалды

0
781

Меморандум бойынша келісімге отырған дүкендер азық-түліктің бастапқы бағасына 15 пайыздан артық үстемақы қоймауы шарт.


Түркістанда әмбебап дүкен иелерімен меморандум жасалды

Түркістан қаласында азық-түлік бағасын тұрақтандыру бойынша кешенді шаралар жүзеге асырылуда, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Түркістан қаласында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасын тұрақтандыру бойынша кешенді шаралар жүзеге асырылуда. Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдерінің бағасын тұрақтандыру мақсатында қала аумағындағы 25 сауда орнымен келіссөздер жүргізіліп, меморандум түзілді. Меморандум бойынша келісімге отырған дүкендер азық-түліктің бастапқы бағасына 15 пайыздан артық үстемақы қоймауы шарт. Бағаның өсуі анықталған жағдайда келісімге тұрған дүкен иесіне әкімшілік шара көріледі.


Бұдан бөлек, азық-түлік бағасының тұрақтылығын қамтамасыз ету мақсатында орталықта 13 әлеуметтік дүкен және 27 сауда орнында «Әлеуметтік бұрыш» ашылған.


Қазіргі таңда меморандум аясында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру мақсатында арнайы құрылған жұмысшы топ бақылау жүргізуде. Жұмысшы топ Түркістан қаласы әкімдігі мен Түркістан облыстық кәсіпкерлік және сауда басқармасының қызметкерлерінен құралған.


Жалпы, Түркістан қаласында барлығы 25 ірі супермаркет, 3 көтерме сауда орныжәне 187 дүкен жұмыс істейді.