Чемпионатта 12-18 жас аралығындағы спортшылар бақ сынасуда.
Түркістанда баскетболдан жастар арасында Қазақстан чемпионаты өтуде, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Түркістан қаласындағы «Балуан Шолақ» атындағы спорт кешенінде баскетболдан ұлдар мен қыздар арасында Қазақстан чемпионаты өтіп жатыр.
Чемпионатта 12-18 жас аралығындағы спортшылар бақ сынасуда. Түркістан облысынан бөлек Батыс Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Тараз, Жетісу, Алматы, Қызылорда өңірлерінен және Шымкент қаласынан командалар келіп қатысуда.
Чемпионаттың салтанатты ашылуына Түркістан қалалық «Мәдениет және тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің» өкілі М.Әсілбаев, Түркістан қалалық №2 балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің директоры А.Сарсенбаев және баскетболдан ҚР мемлекеттік жаттықтырушысы И.Сергеевич қатысты.
Спорттық сайысты ашып берген азаматтар спорттың адам өміріндегі маңыздылығына тоқталып, қатысушыларға сәттілік тіледі. Ертең, 12 сәуір күні «Балуан Шолақ» атындағы спорт кешенінің спорт залында 3х3 тәртібімен жарыстың финалы өткізіліп, жеңімпаздар анықталады.