12-13 жас аралығындағы спортшылар бақ сынауда.
Түркістанда баскетболдан жасөспірімдер арасындағы қаланың ашық біріншілігі басталды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Түркістанда баскетболдан жасөспірімдер арасындағы қаланың ашық біріншілігі басталды. Жарыс 1 маусым – Балаларды қорғау күніне арнайы ұйымдастырылған.
Балуан Шолақ атындағы спорт кешенінде өтіп жатқан жарыста 12-13 жас аралығындағы спортшылар бақ сынауда.
Жарыстың ашылуында қала әкімінің орынбасары Ерлан Күзембаев сөз алып, жастар арасындағы спортты дамытуда шаһарда жүзеге асып жатқан жобаларға тоқталды. Сондай-ақ жарысқа қатысушыларды келе жатқан мерекесімен құттықтап, сәттілік тіледі.
Сайыста 6 команда жүлделі орындарды сарапқа салуда.