Түркістанда биыл 15 нысан пайдалануға беріледі

0
913

Облыс әкімі биыл пайдалануға берілетін нысандардың құрылысын тексерді


Түркістанда биыл 15 нысан пайдалануға беріледі

Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев облыс орталығында бой көтерген тұрғын үй құрылысы мен әлеуметтік нысандардың құрылысында болды, - деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Қазіргі уақытта Түркістан қаласындағы тұрғын үй құрылыс жұмыстарына мониторинг жасау үшін тиісті жауапты мамандар бекітіліп, құрылыс жұмыстарының күн сайынғы мониторинг жұмыстарын жүргізіп келе жатыр. Тұрғын үйлердің сыртқы қасбетті, электр желілері мен ішкі әрлеу, есік-терезелер орнату жұмыстары жүргізіліп жатыр. Облыс басшысы алдағы күз айында ел игілігіне берілетін баспаналардың сапасына баса назар аударуды тапсырды.

Атап айтсақ, 2020 жылы Түркістан қаласында 15 нысанның құрылысы аяқталып, пайдалануға беріледі. Қаладағы көгалдандыру жұмыстарының барысын тексерген облыс әкімі биыл іске қосылатын жаңа нысандардың, драма театр, облыстық ғылыми-әмбебап кітапханасының құрылысын, Қожа Ахмет Яссауи мұражайы нысанының, «Тұңғыш Президент саябағы», Желілік саябақ құрылыстарын аралап көріп, «Әзірет Сұлтан» тарихи-мәдени қорығының визит-орталығы мен «Ұлы дала елі» орталығы салынып жатқан жерлерде болды. Құрылыс жұмыстары жоспарға сай жүргізіліп жатыр.

Қазір «Тұңғыш Президент саябағында» бүгінгі таңда су және кәріз жүйелері мен кіреберіс аркасының металл-конструкциясы толығымен аяқталған. Сатылы су бұрқақтың бетон құю жұмыстары жүргізіліп, 2 мың түп ағаш отырғызылған және аяқ жолдар төселіп жатыр.

Ал желілік саябақта субұрқақ құрылысы мен жалпы суару жүйесінің 1-кезеңі 100 пайызға орындалған. Сыртқы суғару жүйелерінің құрылысы, ағаштарды отырғызу, газон төсеу жұмыстары мен аяқжолдар, керуен жолдары және канал жұмыстарының 95 пайызы аяқталған. Одан бөлек, бассейн орнатылып, көгалдандыру жұмыстары атқарылса, жарық шамдары қойылып, аяқ жол тақталары толық төселген.