Түркістанда даңқты қолбасшыны еске алуға арналған турнир өтіп жатыр

0
820

454 балуан қатысып, боз кілем көркін қыздыруда.


Түркістанда даңқты қолбасшыны еске алуға арналған турнир өтіп жатыр

Түркістанда даңқты қолбасшыны еске алуға арналған халықаралық турнир өтуде, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Түркістан қаласындағы «Olympic center» спорт кешенінде Кеңес Одағының батыры, генерал-майор Сабыр Рахымовты еске алуға арналған еркін күрес және әйелдер күресінен XXVII халықаралық турнирдің жалауы түрілді. Жыл сайын дәстүрлі түрде өтетін күрес додасына биыл еліміздің барлық өңірлерімен қатар көршілес Өзбекстан, Қырғызстан мемлекеттерінен 24 команда, 454 балуан қатысып, боз кілем көркін қыздыруда.


Тартысқа толы сайыста 2004-2006 жылы туған өрендер 21 салмақ дәрежесінде жеңімпазды анықтайды. Оның ішінде ұлдар 11 салмақта белдессе, қыздар 10 салмақ дәрежесінде шеберліктерін байқайды.


Халықаралық күрес бәсекесінің ашылу салтанатына Түркістан облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы басшысының орынбасары Жазира Муслимова мен Түркістан облысы мәслихатының төрағасы Нұралы Әбішов қатысып, спортшыларға сәттілік тіледі.


Жарыс чемпиондары мамандар көзіне түсіп, оларға халықаралық жарыстарға жол ашылмақ.