Түркістанда кейбір үйлер тұрғындарымен қоса сүрілуде

0
2 174

Асханадағы бірқатар жүктерді шығарған қызметкерлер үйдегі тұрғындарды оятуды ескермепті.


Түркістанда кейбір үйлер тұрғындарымен қоса сүрілуде

ERNUR.KZ. Түркістанда кейбір үйлер тұрғындарымен қоса сүріліп кеткен. Бұйрық бойынша келген жұмысшылар баспаналарды сүру жұмыстарын таң атысымен бастаған. Иесі бар-жоғына қарамаған олар бірден іске кіріскен, деп жазады otyrar.kz.

Асханадағы бірқатар жүктерді шығарған қызметкерлер үйдегі тұрғындарды оятуды ескермепті. Қиранды астында қос жеткіншек қала жаздаған. Ұйқылы ояу дүниесін шығарғандардың бірі — Жандос Нарымбай. Қазір есін жия алмай, есеңгіреп қалыпты.

Жандос Нарымбай, Түркістан қаласының тұрғыны: «Ұйқымыздан тұрсақ бұзып жатыр. Сүрілуге тиіс үйлердің тізімін көрсет десек көрсетпеді. Негізі үй ағамдікі, біз 30 жылдан бері осы жерде тұрып келе жатрымыз. Ағама қоңырау шалсам, ол құлағдар емес екен. Бізге үйді бұзғызбаңдар деді. Бұзып жатқан адамдармен қабаттасып жүріп, заттарымызды сыртқа шығардық. Анам келіп барлығын көріп, жүрегі ауырып, құлап қалды. Қазір туысқандарымыздың үйіндеміз».

Мадина Байғұт, Түркістан қалалық әкімдігінің баспасөз қызметінің жетекшісі: «Сүрілген үйдің егесіне 9 млн. 656 мың теңге берілген. Ал бұзылған үйдің тұрғындары уақытша пәтер жалдаушылар болып шықты. Оларға алдын ала екі-үш күн бұрын ескертілген».

Еске сала кетейік, Яссауи кесенесінің жанындағы үйлерді сүру апта бұрын басталып, шу шыққан еді. Онда тұрғындар баспанаға берген бағалармен келіспеген. Енді шарасыз күйде қалған халық жаңа мекен жай іздеуге мәжбүр.