Түркістанда көлік логистикасын дамыту жолдары қаралды

0
261

Түркістандағы «Түркістан халықаралық әуежайы» Халықаралық азаматтық авиация ұйымының 1-ші санатына сәйкес келеді.


Түркістанда көлік логистикасын дамыту жолдары қаралды

Елімізде 2021 жылы «Қуатты өңірлер – ел дамуының драйвері» атты ұлттық жоба іске қосылған еді. Аталған жобаны іске асырудағы мақсат – өңірлерді жан-жақты дамытып, тұрғындар үшін қолайлы өмір сүру ортасын құру. Тиісінше, жобаның негізгі бағыттарының қатарына – көліктік лоистиканың ахуалын көтере отырып, халыққа қолайлы жағдай туындату шаралары да енгізілген. Осы орайда бүгінде Түркістан облысында қарқынды жұмыстар жүргізіліп жатыр. Бұл мәселе бүгін ғана облыс орталығында өткен «Түркістан: Туризм, Инвестиция, Экономика» атты халықаралық басқосуда тағы да талқыға түсті.


Атап айтсақ, бұл конференцияға Қазақстанмен шектесіп жатқан бірнеше мемлекеттің өкілдері қатысып, «Жібек жолы Қытай – Еуропа: Орта және Оңтүстік дәліздердің мүмкіндіктері мен мәселелері» тақырыбы бойынша сессиялық отырыс ұйымдастырылды. Осы ретте өңір басшысының бірінші орынбасары Сансызбайұлы Зұлпыхар өңірдің халықаралық көлік байланысы бойынша ахуалы айрықша екенін жеткізді. Тиісінше, бұл саланы одан әрі дамытып, тиімділікті арттыруға, логистика саласындағы түрлі проблемаларды реттеуге осындай келелі басқосулардың ықпалы мол болатынын айтты. Себебі, бүгінде Түркістан өңірінен бірнеше ірі жол желілері өтеді. Олардың қатарына «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» автокөлік жолынжәне Шығыс пен Батысты жалғайтын теміржолды қосуға болады.


Одан бөлек, бірер жыл бұрын әлемдік стандарттарға сай, бір мезетте екі халықаралық және төрт елішілік рейстерде қабылдауға қабілетті әуежай да салынған. Бұл нысанның жалпы аумағы 9 жүз гектардан асатын болса, жылына үш миллион жолаушыға қызмет көрсете алады. Сәйкесінше қазір бұл әуежайдан Ыстамбұл, Эль-Кувейт, Алматы, Астана, Ақтау, Қарағанды, Орал қалаларына ұшақтар қатынап, «Turkish Airlines», «Jazeera Airways», «Fly Arystan», «Scat» сынды беделді әуе компаниялары қызмет көрсетіп келе жатыр. Оған қоса, келер жылы Әбу Дабиге қатынайтын рейс ашылмақ. Сонымен қатар, халықаралық деңгейдегі әуе компанияларымен тауар тасымалын дамыту бағыты бойынша да келіссөздер жүргізіліп жатыр екен. Өзбекстан республикасымен байланыстыратын автобус желісі де іске асырылатын көрінеді.


Жалпы, конференция аясындағы сессиялық отырыста Қазақстан мен өзге мемлекеттерден келген лоистика саласында қызмет ететін мекемелердің өкілдері аталған бағытты дамыту бойынша оәйларын ортаға салып, өздері іске асыра алатын мүмкіндіктерді атап өтті. Оның ішінде алпауыт мекемелер жүк тасымалдау саласы бойынша ұсыныстарын жасап, бірлесе отырып, оңтайлы жұмыс істеуге ниетті екендіктерін білдірді.


Жалпы құны 1 миллиард 55 миллиард теңгені құрайтын меморандумдарға қол қойылған форумдағы келісімдер іске асырылса, көлік логистикасы саласына да серпін сыйлары анық.


Б.Мейірханұлы,

ERNUR.KZ