Түркістанда Конституция күніне арналған концерт өтеді

0
1 445

Кеш қонақтары «Ashyq» платформасы арқылы кіргізіледі.


Түркістанда Конституция күніне арналған концерт өтеді

Түркістанда «Тәуелсіздік тірегі – Ата Заң» атты мерекелік концерт өтеді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Түркістан облысы Мәдениет басқармасы «Конгресс Холл» көпсалалы кешені МКҚК мен Түркістан облысы қоғамдық даму басқармасының «Жастар ресурстық орталығы» КММ бірлесіп, «Тәуелсіздік тірегі – Ата Заң» атты мерекелік концерт өткізуді жоспарлап отыр.


30 тамыз – ҚР Конституциясы күніне арналған мерекелік концерттің мақсаты Ата Заңның маңызын ұлықтай отырып, қадір-қасиетін ұғындыру, жастар – қоғамныңқозғаушы күші ретінде құзіретті құжаттың жан-жақты дамуына ықпал ету. Мерекелік кеш қонақтары кешенге карантиндік талаптарды сақтай отырып, «Ashyq» платформасы арқылы кіргізіледі.


Мерекелік концерт Түркістандағы «Конгресс Холл» көпсалалы кешені МКҚК-ның фоэсінде 27 тамыз күні сағат 11:00-де басталады.