Түркістанда қызын зорлаған өгей әкесі 20 жылға сотталды

0
666

Қылмыскер бірінші рет қызын туған анасының көзінше зорлаған.


Түркістанда қызын зорлаған өгей әкесі 20 жылға сотталды

иллюстрациялық сурет: ашық дереккөзден

ERNUR.KZ. Түркістанда бір жыл уақыт бойы қызын зорлап, анасын мазақ етіп келген өгей әкесіне сот үкім шығарды, деп жазады sn.кz

Естеріңізге салып өтейік, қайғылы оқиғадан кейін жесір қалған Ақмарал есімді әйел екінші рет тұрмысқа шыққанда қызы екеуінің басына осындай бақытсыздық түседі деп ойламаған. Әйелдің жаңа жолдасы Бәйдібек ауданының тұрғыны еш жерде жұмыс істемеген. Оның орнына күнделікті ішімдік ішіп, әйелге қол жұмсаудан қолы босамаған. Әйел ер адам күндердің күні дұрысталады деген үмітпен төзіп келген.

Бірақ ең қорқыныштысы бірінші күйеуінен туылған қызы бойжеткен тұста басталған. Қылмыскер бірінші рет қызын туған анасының көзінше зорлаған. Бұл жағдай алдағы уақытта да қайталанып, ер адам анасы мен қызын полицияға шағымданса өлтіремін деп қорқытып келген.

Тек арада жыл өткеннен кейін ғана қызы мен анасы қаскөйдің қолынан қашып шығып, Шымкент қаласындағы "Көмек" орталығына келген. Олар ол жерде әлі күнге дейін тұрып келеді. Ақмаралдың шағымы бойынша "кәмелетке толмағандарға жасалған зорлық әрекеттер" бабы бойынша қылмыстық іс қозғалған. Сәуір айында бұл іс Түркістан облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі ауданаралық мамандандырылған сотына жіберіледі. Ал үкім бүгін ғана шығып отыр.

Ақмарал мен оның жәбір көрген қызының қоғамдық қорғаушысы әрі "НемолчиЮг" қоғамдық қорының басшысы, адвокат Данияр Жиенбаевтың айтуынша, бәрінен бұрын олар қылмыскер лайықты жазаға тартылмай қалады деп қауіптенген.

"Бірінші өткен тергеуде қылмыскер жасағанын мойындағанымен, алайда кейін айтқанынан бас тартты. Оның адвокаты мені сотқа қатыстармаудың амалын тапты, ал Ақмаралдың қоғамдық қорғаушысы оны қорғауға бізге көрінгендей онша құлшыныс танытпады. Сондықтан ол ең аз жаза алып қалады ма деп қауіптендік. Бағымызға орай, сот әділ өкім шығарды. 20 жылдық жалпы режим – бұл жасалған қылмыс үшін әділ жаза. Біз ойымыздағыға қол жеткіздік, бұдан артықты талап етпейміз. Негізі бұл бап бойынша өмір бойынша бас бостандығынан айыру жазасы да қарастырылған. Қазір сотталушының жасы 40-да, 20 жылдан кейін ол 60-та болады", - деді Данияр Жиенбаев.