Түркістанда науқастарды үйіне барып бақылап жатыр

0
643

Арнайы топтардың саны көбейген.


Түркістанда науқастарды үйіне барып бақылап жатыр

Дәрігерлерден құралған мобильді топқа 200-ден астам шақырту түскен, - деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Түркістан қалалық емханасында дәрігерлерден құралған мобильді топтардың жұмысы жандану үстінде. Қала әкімдігі тарапынан берілген қызметтік көліктерден жасақталған топта дәрігер мен медбикелер бар. Олар коронавирус, пневмония және басқа да аурулар бойынша науқастарды тексеріп, алғашқы медициналық көмек көрсетеді.

Мәселен, мобильді топқа бүгінгі күнге дейін, бір айдың ішінде жалпы саны 85 коронавирус, 101 пневмония, 46 басқа да дене қызуы бар науқастардан шақырту түскен. Жұмыс істеп жатқан 18 мобильді топ керекті құрал-жабдықтармен толықтай қамтамасыз етілген.

Мобильді топ санының көбеюі арқылы шақыртуларға кезек күттірмей, жылдам баруға мүмкіндік болып жатыр. Ол өз кезегінде дәрігерлер қызметін жеңілдетсе, екіншіден, жұқпалы вирустың таралуы мен дәрігерлерге жұқтыру қаупін бірнеше есе төмендетеді. Ал, дене қызуы көтерілген науқастарға үйінен шықпай медициналық көмек алуға мүмкіндік бар.