​Түркістанда Шығыс базары бой көтереді

0
2 726

Нысан Шығыс базарларының стилінде болмақ.


​Түркістанда Шығыс базары бой көтереді

Түркістан қаласында тұрғындар үшін Шығыс базары мен туристік кешен салынады, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

Бұл туралы бүгін баспасөз мәслихатын өткізген облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев тарқата айтып өтті.

Мұнда Шығыс стиліндегі 5 Жібек Жолы елдерінің базары қарастырылып отыр. Аталған жоба толықтай жеке инвестиция есебінен іске асырылатын болады.

Бұдан бөлек облыста Қасқасу туристік-рекреациялық кешенінің жобасы да жүзеге асырылғалы отыр. Жобаның бірінші кезеңінде жылына 45 000 – 110 000 туристер қабылдауға мүмкіндігі бар. Оның құрылыс барысында 1 900 жұмыс орнымен және іске қосылғанда 400 тұрақты жұмыс орны ашылады деп жоспарлануда.

Сондай-ақ «Зияратшылар орталығы» ғимаратын қайта құрылымдап оны «Ұлы Жібек – жолы» ұлттық қолөнер шеберлері орталығына» қайта жасақтау да жұмыс жоспарына енген. Орталық дәстүрлі қолөнердің барлық түрлерін ұсынады: керамика, тоқыма, ағаш және былғарымен жұмыс, сондай-ақ зергерлік бұйымдар мен қола құю. Орталықта қолөнершілер үшін дуалды білім беру орталығы ашылады.