Түркістанда Шығыс үлгісіндегі Ислам орталығы салынып жатыр

0
2 617

400 орындық медресе, кітапхана, асхана, неке сарайы және басқа да қосымша нысандар салынады.


Түркістанда Шығыс үлгісіндегі Ислам орталығы салынып жатыр

Түркістандағы «Hampton by Hilton Turkestan» қонақ үйінде түнгі жарықтандыру орнату жұмыстары жүзеге асырылуда, - деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Облыс әкімі Өмірзақ Шөкеевке Түркістан қаласын безендіру, әсемдеу, көркейту жұмыстарының барысы баяндалды. Шаһардағы құрылыс алаңдарын аралаған облыс басшысы қала аумағындағы 32 секторда атқарылған жұмыстармен танысты. Тиісті тұлғаларға тапсырмалар беріп, кей жобаларға өзгертулер енгізді.

Түркістанға кіреберіс жолда 5 мың орындық зәулім мешіттің құрылысы жүріп жатыр. Бұл - киелі шаһарға Өзбекстан мемлекеті тарапынан жасалған сый. Шығыс үлгісіндегі Ислам орталығының аумағы 20 мың шаршы метр, айналасында 400 орындық медресе, кітапхана, асхана, неке сарайы және басқа да қосымша нысандар салынады.

Жаңадан бой көтерген «Дендро саябақ» пен «Аттракциондар паркі» арасында жаңа көпір салу жоспарлануда. Сондай-ақ «Жібек жолы» саябағы мен «Желілік саябағы» аумағы тазартылып, көгалдындырылуда. Б.Саттарханов даңғылындағы тұрғын үйлердің, кәсіпкерлік нысандардың сыртқы келбеттерін және «Рәміздер алаңы» мен «Түркі бағын» ретке келтіру жұмыстары кәсіпкерлер мен тұрғындар тарапынан қолға алынған.

Облыс әкімі рухани-мәдени орталық аумағында орналасқан нысандардың жобасы мен жарықтандыру жұмыстарымен танысты. «Керуен сарай» кешенінің құрылысы жүргізілуде. Бұдан бөлек, орталықта таунхаус пен саябақ құрылысы басталды.

Халықаралық туризм және меймандостық университетінің саябағы, театр аумағы мен қонақ «Hampton by Hilton Turkestan» қонақ үйінде түнгі жарықтандыру орнату жұмыстары жүзеге асырылуда.