Түркістанда үстел теннисінен ашық біріншілік өтті

0
298

300-ге жуық спортшылар келді.


Түркістанда үстел теннисінен ашық біріншілік өтті

Түркістанда жасөспірімдер арасында үстел теннисінен ашық біріншілік өтті, деп хабарлайды ERNUR.КZ.


Түркістан қаласы 2024 жылы – Түркі әлемінің туристік астанасы атанды. Осыған орай, рухани шаһарда «Жемқорлықсыз болашақ» ұранымен 2009-2015 жылғы жасөспірімдер арасында үстел теннисінен ашық біріншілік өтті.


Спорттық жарысқа Қызылорда, Шымкент, Жетісай, Сарыағаш, Түркістан, Кентау қалалары мен Созақ, Бәйдібек, Төлеби аудандарынан 300-ге жуық спортшылар келді.


Сайыстың ашылу салтанатына қатысқан қалалық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің сектор меңгерушісі Марат Әсілбаев пен "Түркістан қалалық №2 балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің" директоры Әнуар Сәрсенбаев спортшыларға сәттілік тіледі. Ал жиында қонақ болған қаланың құрметті азаматы, бірінші дәрежелі үстел теннисінің жаттықтырушысы Оразбек Божбанбаев қатысушыларға өз тәжірибесімен бөлісіп, жетістікке жетудің қыр-сырымен бөлісті.


Аудан, қалалардан келген талатты спортшылар арасындағы сайыс 15 қыркүйекке дейін жалғасады.